Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2019 жылы Қазақстанда ұлттық киноны қолдау орталығы құрылған болатын. Бұл орталық жариялаған конкурсқа 250 өтініш түскен. Оның ішінде қаржылық қолдау алуға үмітті 88 жоба таңдап алынды.
«Фильм прокатынан түскен жалпы табыстың 20 пайызы киноорталыққа қайтарылады. Бұл ұлттық фильмді ары қарай дамыту және қаржыландыру үшін керек. Ал 80 пайызын продюсер өз компаниясын дамытуға алады», - деді баспасөз конференциясында Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма басшысы Гүлнар Сәрсенова.
Оның айтуынша, 20 минуттық қысқаметражды киноға 10-15 млн теңге бөлінеді. Толықметражды фильм бұдан он есе қымбат.