ІІМ ақпаратына сәйкес, кейінгі 10 жылда Қазақстан жолдарында 28 мыңнан астам адам қаза тауып, 162 мың адам жарақаттанған. Жыл сайын болатын жол апаттарының саны үштен бір бөлікке ұлғайды (11,9-дан 16 мыңға дейін), жарақаттанғандар саны да осынша өскен, ал қаза тапқандар саны 2 есе артты.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, жол апаттарынан келген шығын көлемі жыл сайын орта есеппен Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 2,2% құрап, $1,7 млрд асты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23 маусымда парламент "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады