Қазақстанда көліктердегі өрт саны өскен - Төтенше жағдайлар министрлігі

"Республика аумағына шетелден әкелінетін қолданылған көліктер санының өсуі (басым бөлігі 80-ші - 90-шы жылдары шығарылған) көліктерде болатын өрт санының өсуіне әкеп соқтырды",- деп айтылған құжатта.

Сонымен қатар, "көлік иелері оларды сапасыз қосымша электр құрылғыларымен жабдықтайды, соның салдарынан көліктердегі шығатын өрттің негізгі себептері электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады",- делінген құжатта.

Сондай-ақ, өртке қарсы қызмет комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, "қыс маусымында көліктердегі өрт көлік қозғалтқышын ашық отпен қыздыру барысындағы абайсыздықтан да болады".

Жалпы, комитеттің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы Қазақстанда көліктерде 1746 өрт шыққан.