Қазақстанда концессия мәселелері жөніндегі орталық құрылады-Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

"Концессияларды мемлекеттік қолдау схемасының күрделенуі жағдайында және мемлекеттік қолдау көлемдерінің ұлғайтылуына орай мемлекеттік мүддені қорғау үшін экономикалық сараптама процедурасын институционалдық тұрғыда күшейту ұсынылып отыр", - деп атап өтті Б. Сұлтанов. Ол айтқанындай,осы мақсаттар үшін концессия мәселелері жөніндегі арнайы ұйым құру жоспарлануда .

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі атап өткеніндей, орталықтың негізгі жұмысына- концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізу және концессияға берілуі мүмкін ТЭН нысандарының экономикалық бағасын жасау міндеті жүктеледі. " Сөйтіп арнайы ұйымның құрылуы жоғары білікті мамандарды тарту есебінен жүргізілетін сараптамалардың сапасы мен жауапкершілігін күшейтеді. Сондай-ақ, бұл үкіметтің концессиялық жобалардың сараптамасын жүргізу үшін жұмсалатын шығындарын азайтады", - деп қорытындылады ол.