Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заңсыз жасалып сатылатын өнімдерді анықтап, оған жол бермеу үшін, ҚР әділет министрлігі аймақтық органдармен бірлесе отырып 98 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде, 64 әкімшіліктік іс ашылып, 8817 заңсыз жасалған өнім тәркіленді.
Сондай-ақ, интеллектуалдық қарақшылыққа жол бермеу мақсатында, қоғамның назары мен құқықтың білімін арттыру үшін 110 лекция өткізіліп 38 мақала жарыққа шықты. Телевидение мен радиодан 35 сұхбат берілді. Сонымен бірге, 9 дөңгелек үстөл, 16 семинар ұйымдастырылып, кәсіпкерлермен кездесу үшін ашық есік шеңберінде бас қосулар өткізілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті