Қазақстанда коронавирус анықталды: Енді не болмақ?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Жергілікті жерде төтенше жағдай жариялау туралы шешімді атқарушы органдардың басшылары қабылдайды. Яғни, аймақ әкімдері шешім шығарады. Әрине, біз тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.


Министрдің айтуынша, алдымен коронавирус анықталған екі адаммен байланыста болғандардың бәрін анықтау қажет. Одан кейін барлығы тиісті тексерістен өткізіледі.

"Егер тағы науқастар шығып жатса, төтенше жағдай енгізу шешімі қабылдануы мүмкін", - деп түйіндеді Біртанов.