Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны сәл төмендеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 1 266 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Өткен тәулікте ең көп жағдай Ақмола облысында тіркеліп отыр. Өңірде екі жүзден астам тұрғын COVID-19-ға шалдыққан.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 91
  • Алматы қаласы - 132
  • Шымкент қаласы - 7
  • Ақмола облысы - 215
  • Ақтөбе облысы - 0

  • Алматы облысы - 71
  • Атырау облысы - 84
  • Шығыс Қазақстан облысы - 45
  • Жамбыл облысы - 21
  • Батыс Қазақстан облысы - 97
  • Қарағанды облысы - 79
  • Қостанай облысы - 104
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 197
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 110
  • Түркістан облысы - 8

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 179 720.