Қазақстанда коронавирустан 1 адам қайтыс болды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы. 

"Бұл шұғыл брифинг. Өкінішке орай, коронавирустан Қазақстан азаматшасы қайтыс болды. Оның туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Барлығымыз қайғы жұтудамыз",- деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев сонымен қатар, ертең Нұр-Сұлтан денсаулық басқармасы оның денсаулық көрсеткіштері туралы мәлімдемейтіні туралы айтты.