Қазақстанда көшелердің атын өзгертуге мораторий енгізілмек

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау бойынша 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде мораторий енгізудің орындылығы туралы мәселені қарады", - делінген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

Бірінші вице-премьер ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.


Елді мекендердің құрамдас бөліктері - шағын аудандар, қалалар аудандары, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер.