Қазақстанда күніне қанша ПТР талдау жасалатыны айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бас санитар мемлекеттік лабораториялардағы коронавирусты анықтауға тест жасайтын мамандардың жалақысы туралы айтты.

"Мемлекеттік лабораторияларда, мен Ұлттық сараптама орталығының лабораторияларына қатысты айтамын, коронавирус инфекциясын анықтау үшін 600-ден астам маман бар. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бекітілген үстемақыны қоса есептегенде, шамаман 300 мыңге болады. Жеке лабораториялардағы қызметкерлердің жалақысы туралы айта алмаймын. Себебі бұл деректер жеке компания мен мамандар арасындағы шартқа сәйкес болады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.


Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова елімізде күніне қанша тест жасалатынын атап өтті.

"Күніне барлық аймақта бар Ұлттық сараптама орталығының лабораторияларында күн сайын 11 мыңға жуық талдау жасалады. Бұдан басқа тағы медициналық ұйымдарда 3 мыңға тарта талдау жасалады. Сондай-ақ жеке лабораторияларда коронавирусты анықтау үшін 10-15 мың талдау жасалады", - деді бас санитар дәрігер.

Бұған дейін брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус жұқтырғандардың өсімі ай ішінде 4,5 пайыз болғанын айтты.