Сонымен бірге, келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, Кувейт жағын Қазақстандағы инвестициялық жобаларға атсалыстыру мәселелері талқыланды.
ҚР СІМ бүгін сондай-ақ, Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Пьер Морельмен кездесті. СІМ-нің ақпаратына сәйкес, сұхбат барысында алдағы 9-11 сәуірде Ашхабадта өтетін "ЕО үштігі - Орталық Азия" кездесуіне дайындық барысы талқыланды. Екі жақты ынтымақтастық, соның ішінде адам құқықтары бойынша диалогтың аясын кеңейту мәселелері сарапқа салынды.