Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды

Жергілікті әскери басқарма органдарында мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. 8 қазанда әскерге шақырылушыларды Қарулы Күштер сапына аттандыру басталды. Жалпы, 6000-нан астам адамды әскерге шақыру жоспарланған. Әскери бөлімшелерді толықтыру территориялық және экстерриториялық  принцип бойынша жүргізіледі.  

Дәстүрге орай Қарулы Күштер бөлімшелеріне жіберілудің алдында болашақ Отан қорғаушылар облыстық жиналу пункттерінде әскери киім киеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін толықтыру 2017 жылғы 8 қарашада аяқталады. Осы орайда айта кететін жайт, азаматтарды Қарулы Күштердегі мерзімді әскери қызметке және Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрамаларына күзгі шақыру алғаш рет қыркүйекте басталды және ол желтоқсанның аяғына дейін жалғасады.