Қазақстанда лабораториялардың бірінде COVID-19 анықтайтын ақылы қызмет тоқтатылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысы негізінде COVID-19 зертханалық тексеру бойынша ақылы қызмет көрсету тоқтатылды. Тегін тест алу сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.


Мұның алдында Ұлттық сараптама орталығының Қазақстанның бес қаласында ақылы тестілеуді тоқтатқаны хабарланған болатын: Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда және Оралда.