Қазақстанда лейкоз ауруына шалдыққан балалардың 76 пайызы емделіп шығуда


«Біз емдеуде, әсіресе, онкологияда халықаралық хаттамаға көштік. Бұл біздерге лейкозға шалдыққан балалардың өмір сүруін 76 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жілік майын трансплантациялау технологиясын және кардиохирургиялық бейінді айтпағанның өзінде тағы да басқа салаларын игердік»,- деді министр.
Сонымен бірге С.Қайырбекова Денсаулық сақтау министрігі Елбасының ведомство алдына жүктеген барлық міндеттерін шешу үшін қажетті шараларды қабылдайтындығын баса айтты.