Caravan Logo

Қазақстанда «Lets speak қазақша!» жаңа жобасы қолға алынды

Қазақстанда «Lets speak қазақша!» жаңа жобасы қолға алынды

Танымал журналист Светлана Ғалиева жетекшілік ететін Медиа-одақтың бұл бірегей жобасының мақсаты - қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің арасында үштілділікті насихаттау.

Жобаның жүзеге асырылу форматы да ерекше. Ұйымдастырушылар қазақстандық масс-медиалардың редакцияларында көшпелі тренингтер өткізбек. Мұндай басқосулар қазіргі таңда Алматы, Астана, Қарағанды және Щучинск журналистерімен өткізілді. Алда тағы бірқатар өңір бар.