Қазақстанда мәдениет қайраткерлерін қолдауға арналған тағы бір сыйлық тағайындалады

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгеге тең.

Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.

Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті