Қазақстанда мамыр айында ең төменгі күнкөріс мөлшері 0,8%-ға өсті


Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,8%, 2010 жылғы мамырмен – 21,9%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,8%, жемістер мен көкөністерді – 13,4%, нан және жарма өнімдерін – 8,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,8%-ды құрады.