Қазақстанда мамыр айында күнкөріс минимумы 2,8% өсті

бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 2,8% артық.

Бұл көрсеткіш 2013 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 8,3% артты, деп хабарлады мемлекеттік статистика жөніндегі агенттіктен.

Статистиктердің деректеріне қарағанда, мамыр айында күнкөріс минимумының жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 11 мың 280 теңгені құрады, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтікі – 7 мың 520 теңге.

Хабарламаға қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумының мөлшері 13 жасқа дейінгі балалар үшін 14 мың 896 теңгені құрады, 14-17 жастағы жасөспірім ұл балалар үшін - 23 мың 747 теңге, сол жастағы қыз балалар үшін – 18 мың 195 теңге, жұмысқа қабілетті ер адамдар үшін - 22 мың 413 теңге, әйелдер үшін- 17 мың 802 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 17 мың 624 теңге.

Қазақстан халқының саны 17,2 млн адамнан асады.