Қазақстанда мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 8,8 процентті құрады

Еңбекпен қамту мекемесінде жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар саны мамырдың соңында 183,5 мың адамға жетті. Экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда бұл 2,5 процентті құрайды.

Айлық орташа номиналды жалақы көлемі 2003-жылдың сәуір айында 22,46 мың теңгені құрап, 2002-жылдың сәуірімен салыстырғанда 14,1 процентке өсті. Нақты жалақы көлемі 6,7 процентке артты.
Тұрғындардың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кіріс көлемі 9,2 мың теңгені құрап , 2002-жылдың сәуірімен салыстырғанда 10,4 процентке, ал ақшалай нақты кіріс көлемі 3,1 процентке өсті.
2002-жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2003-жылдың мамыр айында тұтыным құнының индексі 102,2 проценті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,9 процентке, өнеркәсіп тауарларының бағасы 1,1 процентке, бағалы қызметтер құны 1,8 процентке қымбаттады. 2003-жылдың мамыр айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар белгілейтін баға 2002-жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,6 процентке қымбаттады.