Агенттіктің хабарлауынша, қайта сатылатын баспана нарығында мамырда баға 3,9%-ға төмендеді.
"2008 жылдың мамыр айында алдағы айман салыстырғанда жаңа салынған баспана құны Астанада 1,1%-ға, Алматыда 0,8%-ға арзандады", -деп нақтылайды агенттіктегілер.
Статистикалық мәліметтерге сай, екінші нарықта өткен айда баға Ақтөбеде 12,8%-ға, Астанада 12,6%-ға, Алматыда 9,6%-ға, Петропавловскіде 3%-ға, Өскеменде 2,8%-ға, Павлодарда 1,8%-ға және Оралда 1,7%-ға арзандады. Ал басқа өңірлерде баспана нарығында баға өзгерісі байқалған жоқ.