Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасына екі жолдама бар

Бізге үш жолдаманың орнына екі жолдама берудің өзіндік себебі бар. Біріншіден, Қазақстанда Олимпиадаға қатысатын үшінші нөмерлі спортшы жоқ. Екіншіден, Абзал Рақымғалиевтің төмен нәтижесі.

Осылайша, Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев осы бастан енді Сочи олимпиадасына дайындықтарын бастайды.

Ал Денис Тен Канада төріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алтыншы орынға бірден көтерілді. Абзал Рақымғалиев 94 орында.