Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды - ОСК

"2007 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды",- делінген мекеме таратқан баспасөз баянында.

Олардың ішінен 1537 кандидатты "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы, 15 кандидатты Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы, 2 кандидатты Қазақстанның Коммунистік партиясы, 16 кандидатты Қазақстанның "Ауыл" социал-демократиялық партиясы,1 үкімткерді қазақстанның Патриоттар партиясы, 1 кандидатты "Руханият" партиясы, 9 кандидатты қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 591 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Облыстық мәслихаттарға 210 кандидат, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына - 8 кандидат және Алматы қаласының мәслихатына - 27 кандидат; аудандық мәслихаттарға - 1644 кандидат; қалалық мәслихаттарға - 318 кандидат ұсынылды.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 17 шілдеде, ал оларды тіркеу 23 шілдеде аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті