Қазақстанда мәслихаттың босаған орындарына 59 депутат сайланды

Нәтижесінде Астана мәслихатының 1 депутаты, облыстың 7 депутаты, қалалық мәслихаттың 12 депутаты және аудандық мәслихаттың 39 депутаты сайланды.

Мәслихатқа сайланғандардың құрамында 44 (74,6%) ер адамдар және 15 (25,4%) – әйелдер. Олардың орташа жасы – 45. 56 адамның (94,9%) жоғары білімі бар.

ОСК алдын-ала деректеріне қарағанда, сайлауға сайлаушылардың 74,4% қатысқан.

30- наурыз күні республиканың 14 аумағында 392 учаскеде өткен мәслихаттар сайлауына алдында 188 кандидат ұсынылған болатын: 61- саяси партиялар ұсынған , 2- қоғамдық бірлестіктер , 125 өздерін өздері ұсынған тұлғалар.


Республика бойынша сайлау бюллетендеріне 145 кандидат енгізілген.