Дегенмен, Қазақстандағы демократиялық өзгерістер одан әрі жалғасын табады, дейді Н.Әбіқаев. Ол қоғамды одан әрі демократияландыру жоспарын таяуда ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап бергенін еске сала кетті. Сенат спикері Чехия президентіне алдағы уақытта республикада парламенттің ролі арттырылатынын хабарлады. Сондай-ақ, партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс депуттатарының санын арттыру көзделіп отыр.
Алдағы мәжіліс сайлауы туралы сөз қозғаған Н.Әбіқаев бұл процесс жаңа сайлау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын және оның "батыс сарапшылары тарапынан оң бағаға ие болғанын" атап көрсетті.
Кездесу барысында бұған қоса сенат спикері Чехия президентіне Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы, Орталық Азия аймағы мен ТМД аясындағы интеграциялық құбылыстар туралы әңгімелеп берді.