Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарты қайта қаралмақ

"Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне, балалардың интеллектуалдық, шығармашылық дамуы үшін мықты бағдарлама, кітаптар, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады", - деді министр.

Ж. Түймебаев жақын уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың желісін 651-ге дейін арттыру жоспарланып отырғанынан құлағдар етті. "Бұл жаңа ғимараттар салу, бұрын өзге ведомстволарға беріліп, мақсатсыз пайдаланылған ғимараттарды қайтарып алу есебінен іске асырылады", - деп түсіндірді ол. Бұл 2011 жылға дейін балалардың 47,6 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтуға мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдар саны 420-ға дейін ұлғайды.