Оның айтуынша, ең жоғарғы төлем (170 теңге) Маңғыстау облысында да, ал ең төменгісі (60 теңге) - Солтүстік Қазақстан облысында. 2005 жылмен салыстырғанда мектептегі ыстық тамақ құны 2,2 еседей өсті.
"Мектеп оқушыларының барлығы бірдей тамақ үшін осындай ақша төлей алмайтынын ескере келе министрлік 2008 жылдың 25 қаңтарында ҚР үкіметінің "Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға және аз қамсыздандырылған жанұялардағы оқитын балаларға материалдық және қаржылай көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 64 қаулы қабылдады", - деп атап көрсетті Ж. Жүкенов.
Осы қаулыға сәйкес, аз қамсыздандырылған жанұялардағы оқушылардың тегін және жеңілдікпен тамақтануына жалпы білім беретін мектептер мен білім беру органдары осы мектептерді ағымдық ұстап тұруға бөлінетін бюджет қаражатының 1 пайызынан кем емес көлемдегі ақшалай қаражатты бөлуге құқылы.
Ж. Жүкеновтың айтуынша, облыстық білім беру департаменттерінің алдын ала мәліметтеріне сүйенсек, мектептерде шамамен 190 мың бала немесе барлық оқушылардың 7,3 пайызы жеңілдікпен ауқаттанады.
"Осы мәселедегі белгілі бір қадамдарға қарамастан оқушыларды толық тамақпен қамтамасыз ету жүйесінде қазіргі күні айтарлықтай проблемалар бар екенін және оның түбегейлі өзгертулерді қажет ететінін мойындауымыз қажет", - деп атап көрсетті ол.
"Комитеттің мектептердің тамақ жүйесіне жүргізілген сараптамасы 1504 мектепте асхана немесе буфеттің жоқтығын көрсетіп отыр. Нәтижесінде жарты миллионннан астам оқушы оқу процессі кезінде тамақ алу мүмкіндігінен айрылған", - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, мектептердегі тамақ мәселесі мектептердегі азық-түлік құралдарының ескіруімен әрі тозуымен шиеленісіп отыр. Мектеп асханаларына заманауи 50 мың үстел мен 200 мың орындық, 4 мың мұздатқыш шкаф, 3,5 мың электр плитасы және т.б. құралдар жетіспейді. Мектеп асханаларының 50 пайызы ыдыспен қамтамасыз етілмеген.
"Азық-түлік өнімдерінің түрлері біркелкі. Коммерциялық газдалған сусындар, жылдам дайындалу тамақтары: гамбургерлер, хот-догтар, чипстер, кириешкилер, қуырылған тоқаштар, пайдалануға кеңес берілмейтін ұннан дайындалған аспаздық және кондитерлік тағамдар жиі кездеседі. Жеміс-жидек, сүт өнімдері мен жеміс-көкөніс сусындары іс жүзінде жоқ", - деді Ж. Жүкенов.
"Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың әрі қарайғы даму стратегиясын жасау мен бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру біздің ведомствоаралық комиссия нәтижесіне айтарлықтай үлес қосады деген үміттеміз. Осы қызметтің соңғы тұтынушысы, яғни оқушы тек ыстық тамақ қана емес, дәмді әрі денсаулыққа қауіпсіз өнімді алуын көздейтін мектеп тамағын ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық құрылымдарды бір-бірімен нақты үйлестіргенде бұл мүмкін болмақ", - деп сөзін қорытты Ж. Жүкенов.