Динара Құрманғалиева, ҚР Қаржы министрлігі сапаны бақылау және ішкі бақылау қызметтерін үйлестіру басқармасының басшысы:
- Аудитордың әрбір қадамы тексеріліп отырады. Оның кәсіби біліктілігі, әділдігі қадағаланады. Оларға қойылатын талаптар күшейді. Жұмысқа кіріспей тұрып, бұл адамдар өзінің білімін растауы керек. Мемлекеттік аудиторлар өз жұмысын жаңа заңда көрсетілген стандарттарға сай жүргізуі тиіс. Егер олардың жұмысы осы стандарттарға сәйкес келсе, бақылаудан өткен мекемелерді қайта тексерудің қажеті туындамайды.