Қазақстанда мемлекеттік рәміздер күні атап өтілмек

«Мемлекет басшысы ұлтаралық келісім, бірлік, ішкі саяси тұрақтылық мәселесіне басымдық береді. Еліміз көпұлтты, тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып біз ұлтаралық, ұлысаралық келісім туралы үнемі айтып жүруіміз керек. Жекелеген саясаткерлердің айтқандары біз, қазақстандықтарға қатысы болмауы тиіс. Мемлекеттік рәміздер барша қазақстандықтар үшін біртұтас. Конституцияда біз Қазақстанның біртұтас халқы, қазақстандықтар екеніміз айтылған», деп Астана әкімінің орынбасары Аида Балаева бүгін отырыста сөйлеген сөзінде атап көрсетті.

Ол қарапайым адамдардың жекелеген саясаткерлердің айтқандарына назар аудармай тыныш өмір сүргені және ішкі саяси тұрақтылық, ұталарлық келісімге негізделген ұлттық саясат маңызды екенін қашан да естен шығармауы тиіс екенін атап көрсетті.


1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын.