"Ұдайы оқу мен біліктілікті көтеру мемлекеттік қызметтегі басты басымдықтардың біріне айналуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет академиясының жанында мемлекеттік саясаттың ұлттық жоғарғы мектебін құруды ұсынамын", - деді президент.
Н. Назарбаевтың түсіндіруінше, "мұндай мектеп болашақ жетекшілерді дайындау мен іріктеу жүйесінде маңызды буынға айналуға, элиталық, кәсіби мемлекеттік қызметтің жаңа корпусын құруда шешуші роль атқаруға тиіс".
"Жаңа мектеп заманауи білім беретін институтқа айналады. Оның ректорын президент тағайындайды және мектепті басқаруға тәжірибелі шетелдік менеджерлер тартылады",- деді ол. "Мектептің байқаушылар кеңесі Қазақстанның ең білікті қоғам қайраткерлері мен шетелдік профессорлардан жасақталады", - деді президент.