Қазақстанда міндетті зейнетақы жарнасын арттыру қажет

Бұл туралы Саяси шешімдер институты клубының отырысында «Халық банк» ЖЗҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Майра Кичигина мәлім етті.

Қазіргі кезде азаматтар айлық жалақысының 10 пайызын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударып отырады.
М.Кичигинаның айтуынша, Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жақсарту үшін міндетті жарнаны дер кезінде аудармайтын жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру қажет. Сонымен қатар, зейнеткерлерге зейнетақы төлегенде табыс салығын алып тастау немесе мөлшерін төмендету, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне төленетін зейнетақы төлемдерін көбейту, Ұлттық банк жанынан зейнетақы жүйесіне қатысты болжамдар жасайтын орталық ашу қажет, дейді маман.