Қазақстанда минималды әлеуметтік стандарттар белгіленеді

"Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеті кедейшіліктің өсуіне жол бермеу, халықтың тұрмысы төмен бөлігін қорғау. Осы орайда ведомствоаралық жұмыс тобы "Минималды әлеуметтік стандарттар және кепілдіктер туралы" заң жобасын дайындады", деп хабарлады министр сәрсенбіде сенатта жобаны таныстырған кезде.

Министр атап өткендей, заң жобасына орай минималды әлеуметтік стандарттар еңбек, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй қатынастары сияқты салалар бойынша белгіленіп, қолданылады.

Бұл стандарттардың қаржылық қамсыздандырылуын экономика өсімін ескере отырып, өмір сүру сапасының стандарттарын бірте- бірте арттыру негізінде жүзеге асыру көзделген, деді ол.


"Минималды стандарттарды кем дегенде үш жылда бір рет қарау жоспарлануда".

Отырыста атап өтілгендей, Қазақстанда күнкөріс минимумы мөлшерінің қайта қаралмағандығына жеті жыл болыпты.