Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.
«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, ең азы 500-600 мың теңге. Өтілге байланысты 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министрлерден бөлек, журналистер үкімет басшысының жалақысын да сұрады. Алайда, бұл сұраққа рұқсатсыз жауап бере алмайтынын айтты.
«Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, мен айтамын… Мен дәл қазір айта алмаймын», – деді Ерұлан Жамаубаев.