Қазақстанда мүгедектер жұмысқа орналасуда-денсаулық сақтау министрлігі

деді республиканың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

"Жылдың басынан бері біз жұмысқа он мыңнан аса мүгедекті орналастырдық, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 9 212 адам. "Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020" аясында екі мыңнан аса адам жұмысқа тұрды, аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында шамамен 4 мың адам", деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.

"Қоғамда бұл цифрлер шынайы ма, деген сөздер бар. Әр түрлі аспектілер бар, біз мәліметтерді мемлекеттік мәліметтер базасынан зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтардан аламыз", деді вице-министр.

Сонымен қатар ол нысандарды мүгедектерге бейімдеу бойынша жүргізілген жұмысқа тоқталды.


"Нысандарды бейімдеуге тоқталсақ, 54 мың нысан паспорттандырудан өтуге тиіс. 2014 жылы шамамен 22 нысан паспорттандырудан өтті," деді ол.

"Нысандарды лайықтау туралы айтар болсақ, пандуспен ғана шектелуге болмайды.Жақын жатқан жерлер, кіре беріс орын, есіктің ені, бәрі де лайықталуға тиіс. Бұл жағынан біз үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтасудамыз", деді ол.