Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі ұлғайып, жанармай өндіру көлемі азайды - ҚР ЭМРМ

"Жалпы алғанда ай сайынғы өнім өндіру көлемі жылына 12,5 млн тонна жоспар бойынша өсті, тек өткен 7 айда өңдеу көлемі 7 млн тоннадан асты, яғни, 6% өсімге қол жетті. Дизельдік отын мен керосин бойынша да өсім бар, тиісінше, технологиялық тұрғыдан дизельдік отын мен авиакеросинді өндіруді ұлғайту қажеттігіне байланысты жанармай өндірісі 5%-ға жуық азайды. Басқа да мұнай өнімдері бойынша өсім бар", -деді вице-министр.