Қазақстанда мұнайхимиялық 8 -10 кешен құру жөнінде бас жоспар мен жол карталары жасалды - үкімет басшысы

Д.Ахметовтың айтуынша, 2006-жылы Қазақстанда мұнайхимиясы саласына инвестиция салуға "бір терезе" принципін енгізу, отандық мұнайхмиясы саласын әлемдік нарыққа шығару үшін ақпараттық тұсаукесер шараларын ұйымдастыру, мұнайхимиясы кешенін құру және оны интеграциялаудың жан-жақты негіздемесін жасау межеленіп отыр.

Бұған қоса 2006-жылы Атырау облысында арнаулы экономикалық аймақ пен ұлттық индустриялық мұнайхимиясы саябағын құру жоспарланған.
Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, "3,5 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсап, Каспийде газ-химиялық кешен құру жобасын жасау үшін "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ" бірлесіп топ құрды".
"2 млн. тонна мұнайхимиялық өнімдер шығаратын өндірістер құру нәтижесінде елімізге 1 млрд. доллар көлемінде кіріс кіреді",- деді Д.Ахметов.