Бұл туралы Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағұлов хабарлады.
«Ауылдарға оптикалық-талшықтты желілерді ауылдарға тарту жөнінде қызықты жобамыз бар. Соны жүзеге асыруды ұсынып отырмыз. Жоба келесі жылдан бастап іске асырылмақ», - деді ол жұма күні «электронды үкіметті» дамыту жөніндегі жиында.
Вице-министр, мұндай жобалардың қазіргі таңда өзге елдерде де жүзеге асырылып жатқанын еске салды. «Үш жылда бір мыңнан астам ауылды қамтып, азаматтарға сапалы интернет қызметін ұсынамыз», - деді ол.
А.Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде 888 ауыл жылдамдығы секундына 256 кбт болаын ескі 2G технологиясы бойынша интернетке қосылған.