Қазақстанда нанның бағасын арттыруға негіз жоқ

Қазақстан ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков нанның бағасы қымбаттайды деп санамайды.


           "Бізде бидайдың бір тоннасының нарықтық бағасы 300 доллар болған, қазір 27-28 мың теңге аумағында, бұл нан бағасының қымбаттауына жол бермес үшін Азық-түлік корпорациясы босатқан баға деңгейі", деді А.Мамытбеков Астанада дүйсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
           "Сол себепті биыл нан бағасын арттыруға еш негіз жоқ", деді ол.