Қазақстанда наурыз айында жаңа үйдің бағасы 2,1% қымбаттады


Статистикалық деректерге қарағанда, қайталама рынокта жайғастырылған үйдің бағасы биыл наурыз айында 1,6% өскен, жалға алу бағасы 1,1%.

Республика бойынша орташа алғанда жаңа үйдің бір шаршы метрінің бағасы 2014 жылдың наурыз айында 218,5 мың теңгені құрады, қайталама рынокта сатылатыны – 167,9 мың теңге, жалға алу - 1181 теңге, делінген хабарламада.