Қазақстанда несиелендіру көлемі артқанымен, несиелік қоржынның сапасы нашарлай түсуде - президент

Атап айтсақ, президенттің ақпаратына сәйкес, 2005-жылы банктер таратқан күмәнді және үмітсіз міндеттемелерінің көлемі 61 процентке өсіп, ағымдағы жылдың 9 айында 47 процентке өскен. Несиелік қоржында оның үлесі шамамен 40 процентті құрайды. "Осыған байланысты несиелік қоржынның сапасына баса назар аудару қажет. Алғаш тәуелсіздікке ие болған қиын-қыстау жылдарда әкімдер мен үкімет екінші деңгейлі банктерден көмек сұрап, олар осы несиелерді таратып келді. Артынан осы несиелерді қайтару үшін өзім араласуға тура келген кездер де болды. Қазір тәуелсіздік алған 15 жылдан кейін біз өркениетті жұмыс істей алатын шығармыз",- деді президент.

Елбасы несиелендіру қарқынының шектен шығып бара жатқанына да назар аудару қажет деп пайымдайды. Елбасының пікірінше, оның кесірі тию мүмкіндіктері де бар. "Егер 2004-жылы ел экономикасына таратылған несиелер 52 процентке, 2005-жылы 75 процентке өссе, 2006-жылдың 9 айында оның өсімі 50 процентке жетті. Ал еліміздің экономикасының өсімі жылына 10 проценттен асқан жоқ. Бұлардың тікелей байланысы болмауы да ықтимал, бірақ мен пропорция туралы айтып отырмын",- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті