Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2017 жылдың басында халық саны 17 917 915 адамды құраған. Ал ағымдағы сәтте 18 146 778 адамға жеткен. Оның ішінде ер адамдардың саны 8 785 273-ті құраса, әйелдер 9 361 505-ке жетіп отыр.
Ағымдағы айдағы демографиялық оқиғаларға шолу жасасақ:
- Әрбір 8 секундта 1 адам (нәресте) дүниеге тірі туады;
- Әрбір 216 секундта 1 адам дүниеден озады;
- Әрбір 1847 секундта 1 адам елге келеді (иммигрант) ;
- Әрбір 1410 секундта 1 адам елден кетеді (эмигрант) ;
Жыл басынан ағымдағы күнге дейін тірі туғандар 373 201, ал дүниеден озғандар саны - 125 561.
Бұдан бөлек, елімізге келіп-кетіп жүрген адамдардың санына шолу жасасақ: Қазақстанда иммигранттардан бұрын эмигранттар, яғни елден кететіндер басым болып тұр. Жыл басынан бері 15 253 адам келсе, 34 347 шекара асып кеткен. Ал жалып өсім 228 546-ны көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда халықтың 15 жасқа дейінгі саны 21,6 %-ды құраса, 15 жастан 65 жасқа дейінгі халық саны – 71%-ға тең. Ал 65 жастан асқан адамдар саны 7,4 %-ды құрап отыр.
15 жастан кіші адамдар саны 3 890 984-ті құраса , оның ішінде ер адамдар – 1 987 807, ал әйелдер – 1 903 177. Ал 15 жастан 65 жасқа дейінгі (14 жастан асқан және 65 жасқа толмаған) халық саны – 12 890 235 болса, оның ішінде ер адамдар – 6 246 903 болса, әйелдер – 6 573 332. Ал 64 жастан асқан ер адамдар саны – 456 532, әйелдер саны 876 974.
Ал Қазақстандағы ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығына келер болсақ, ер адамдар 63,2 жас, ал әйелдердің 74,1 жыл өмір сүруі күтіледі.