Қазақстанда өнімге жалған сертификаттар бергені үшін жауапкершілікті қатаңдату ұсынылып отыр


"Сертификациялау, сәйкестік сертификаттарын беру нарықтық бәсекелестік ортаға берілді. Бүгінде бизнестің бұл түрімен 30 жеке компания айналысып отыр, бірақ проблема әлі де бар: әкелінетін тауарлардың 46%-да не сертификат жоқ, немесе сертификаттары жалған. Бұдан әрі не істейміз? (. . .) Жалған сертификат бергендігі үшін жазалаймыз ба?", деп сұрады мәжілістің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева тұтынушылар өнімдерін техникалық реттеу мәселелері талқыланған отырыста.
"Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы" АҚ президенті Еркен Дүсенбаев атап өткендей, қазіргі уақытта әзірленіп отыртған шаралар аясында жалған сертификаттар бергендігі үшін жауапкершілікті елеулі арттыру көзделген, тіпті қылмыстық жауапкершілік көзделген.
"Жалпы алғанда,сәйкестікті растау процедураларында бұзушылықтарға жол беру сарапшы аудиторларға экономикалық жағынан тиімсіз болуға тиіс", делінген комитеттің ұсынысында.