Қазақстанда онкологиялық аурулармен ауыруға қатысты ең жоғары көрсеткіштер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстанда өкпе рагы уытты ісік дертіне шалдығу құрылымында әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 23,8 оқиғамен (2006 жыл) тұрақты бірінші орында. Бұдан кейінгі орындарды тері ісіктері (әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 18,4 оқиға), сүт безінің рагы (19,5), асқазан рагы (18,9), өңеш рагы (9,3) және жатыр түтігінің рагы (8,2) иемденеді".

Онкологиялық аурулардан қайтыс болу көрсеткішінің құрылымында өкпе рагы (100 мың тұрғынға шаққанда 17,6 оқиға), асқазан рагы (15), сүт безінің рагы (8,2) және өңеш рагы (8,1) алдыңғы орындарда.

Ж. Арзықұловтың айтуынша, 2007 жылы Қазақстанда тек қана химиялық препараттарға бюджеттен $25 млн бөлінген. Науқастар "60 -тан астам түрлі қатерлі ісік дертіне қарсы бірегей препараттармен қамтамасыз етілуде". Салыстыра айтар болсақ : Өзбекстанда бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен жылына небәрі $500 мың, Қырғызстанда мүлдем бөлінбейтін болса, Беларусь елінде науқастар небәрі 30 түрлі препаратпен қамтамасыз етіледі.

Онкология және радиология жөніндегі ҒЗИ мәліметінше, 2006 жылдан бері Қазақстанның онкологиялық медициналық мекемелерінде 15 жылдың үзілістен кейін сәулемен емдейтін аппараттар жаңалана бастады. Қазіргі жағдаймен еліміздің медициналық мекемелері 36 заманауи аппаратпен жабдықталған. Сәулемен емдейтін аппараттарды толық жаңалауды (Қазақстан үшін барлығы 64 аппарат қажет) 2 - 3 жылда аяқтау межеленген.

Ж. Арзықұловтың ақпаратына сәйкес, облыстық онкологиялық мекемелер үшін 40 маммограф сатып алу және әрбір медициналық орталықты жылжымалы флюорографиялық қондырғылармен қамтамасыз ету межеленген.