Қазақстанда оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін тағы 149 мектеп салу қажет


Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда республикада үш ауысыммен оқитын 104 мектеп бар, 2014 жылдың соңына дейін үш ауысыммен оқитын 85 мектеп қалады. Мұндай мектептердің ең көбі Алматы облысында – 51, Оңтүстік Қазақстан – 32, Ақтөбе облысында – 6», делінген хабарламада.
Биылғы жылы республикада 153 мектеп пайдалануға берілмек. 1 қазанға шаққанда 60 мектеп іске қосылды.
Білім министрлігінің мәліметі бойынша, оқушылар орнының тапшылығы бүгінгі таңда 70 мың 982. Жалпы алғанда орын тапшылығы проблемасын шешу үшін тағы 149 мектеп бар.