Бұл туралы Білім министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Әлеуметтік желілерде халықаралық сарапшылар Қазақстан мен посткеңестік мемлекеттерде жазғы демалыс өте ұзақ деген мәселені талқылағаны айтылып жүр. Бізде бұл мәселе қаралған жоқ», - деді ол дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Кейбір мемлекеттерде оқушылардың жазғы демалысы қысқа ғана. Бірақ қазіргі сәтте біз оны қысқарту мәселесін талқылап жатқан жоқпыз», - деп қосты А.Сәрінжіпов.