Қазақстанда оқыту телевидениесі құрылды

"Қазақстан территориясы бойынша оқу-білім бағдарламаларын таратуды қамтамасыз ету үшін, біз құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайды жақсарту жолындағы қарым -қатынастарды дамытуды көздедік. Сол үшін үш жақты меморандумға қол қойдық ", - деп құлағдар етті министр Ж. Түймебаев.

"Жоба білім беру қызметінің сапасын көтеріп, оны кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаңа технологиялық құралдар қазіргі оқушыларды күнделікті оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етіп, пәндерді оқудың жаңа тәсілдеріне үйрететін болады ", - деп атап өтті ол.

Білім және ғылым министрлігінің жоспары бойынша, орта мектептің оқу бағдарламалары телеарна арқылы үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап беріледі.

Мәдениет және ақпарат министрі айтқанындай, "оқыту телевидениесі" бағдарламасы алғашында "Қазақстан" телеарнасында шығарылады. "Бұл бағдарламаны шығару үшін, елдің территориясында 98% таралатын ұлттық Қазақстан телеарнасы таңдалды", - деді. Е. Ертісбаев . Ол атап өткеніндей, "оқу білім бағдарламасы бастапқыда аптасына 1-2 рет эрифрден шығарылады, кейін оның көрсетілімі күніне 2-3 сағатқа көбейтіледі".

Министр атап өткеніндей, Қазақстанда енгізілетін сандық телевидениесінің бағдарламасы аясында елде жеке білім арнасы құрылады. "Біз, жеке арнаны ашуымыз мүмкін, ол "Оқыту арнасы" деп аталатын болады.