Қазақстанда Орхусс конвенциясында көрсетілген ережелер орындалмайды - эколог мамандар

Экоқоғамның өкілі Сергей Куратовтың сөзіне қарағанда, республикада конвецияда көрсетілген экологиялық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдау процессіне қоғамдастықты қатыстыру ережесі орындалмайды.

Мысал ретінде ол Алматыны айтты. "Егер Алматыда күнделікті кездесетін экологиялық проблеманы айтар болсақ, біздің заңға және конвенцияға сәйкес, қаланың бас жобасына , ұлттық саябақ территориясындағы құрылыстарға, су қорғау аймақтарын пайдалану мәселесіне, жоғары вольтты желілерді салуға қатысты мәселелерге қоғамдастық араласуы керек", деді ол. С.Куратовтың айтуынша, қоғамдастық "шешім қабылдау процесіне қатысуы керек".

Алайда, бұл ойды "біздің шенеуіктер қоғам өкілдері тек пікірін білдіруі керек деген түсінікпен шектеледі",- деп атап өтті С.Куратов.

"Конвенцияда көрсетілген ережелер Қазақстанда қолдануға және тікелей ықпал етуге тиіс пе , әлде жоқ па? Ал біз тәжірибе жүзінде не көріп отырмыз? Бірқатар шенеуніктер құқықтық мемлекет дегенді өздерінің құқықтары бар да , бірақ ешқандай міндеттемелері жоқ , ал қатардағы азаматтардың міндеттері бар деп түсінетін секілді",-дейді С.Куратов.

Экологтың айтуынша, республикада Орхусс комитетінің шешімдері орындалмайды. "Біз соттарға жүгінген кезде (қазақстандық- Kazakhstan Today агенттігінің ескертуі), бізге Орхусс комитетінің шешімі ұсыныс ретінде берілген деп жауап қатады", дейді ол. Осыған байланысты С.Куратов, 2005 жылдан бері комитет Қазақстан Орхусс конвенциясын орындамайтындығын үш мәрте мойындағанын айтты.

Баспасөз конференциясына қатысқан қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис Вена конвенциясында көрсетілген ережелерге тоқталды. "Вена конвенциясының 27 бабында айтылғандай, сіз өзіңіз қосылған кез келген халықаралық келісімді белден басып, өзіңіздің ішкі құқықтарыңызға сүйене алмайсыз",-деді Е.Жовтис. "Сіз өзіңіздің ішкі заңнамаларыңызды, заңдарыңызды, нұсқауларыңызды халықаралық келісімге сай етіп жасауыңыз қажет",-деп атап өтті ол.

Орхусс конвенциясы 1998 жылы Данияда Еуропа елдері экология министрлерінің конференциясында қабылданған болатын. Конвенция қоғамдық ұйымдарға қоршаған ортаға қатысты кез келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, конвенция қоғамдастыққа экология мәселелеріне қатысты маңызды шешім қабылдауға араласуға жол береді.

Қазақстан конвенцияға 2001 жылы қосылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті