«Биыл өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 48 пайыз, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы тексерулер 1,9 есе қысқарғанын атап өткім келеді», - деді ол дүйсенбі күні сенат депутаттарымен болған кездесуде.
«Биыл өрт саны да, төтенше жағдайлар мен одан келген шығын көлемі де азайды. Яғни, тексерудің қысқаруы өрттің көбеюіне (...) әкеп соқтырған жоқ. Біз ең қауіпті деген өндіріс ошақтарын бақылауды күшейттік, оң көрсеткішке соның арқасында өол жетіп отыр», - деп қосты В.Божко.
Министр президенттің жыл басында «бизнеске жасалатын қысымды төмендету керектігін айтып, бақылау органдарын сынға алғанын» алға тартты.
«Бұл сынан біз де шет қалған жоқпыз. Биыл жұмыс қауырт болды. Статистикаға сүйенсек, соңғы 3 жылда бизнесмендерге шаруашылықпен және өзге де қызмет түрлерімен айналысуға 199 рұқсат қағазын берген болатынбыз. Қазір соның 26-сы ғана сақталып қалды, бесеуі ескерту сипатына енді», - деп хабарлады ол.