Қазақстанда өрт салдарынан 3 адам қаза болды

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, 11 қарашада Қостанай облысының Новонеженка ауылынде 80 шаршы метр жер үйді шарпыған тілсіз жауды сөндіру барысында, 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚРТЖМ өрт сөндіруші қызметінің жеке құрамындағы 7 адам және 2 техникасы жұмылдырылып ауыздықталды..

Сондай-ақ, Ақмола облысының Рақымжан Қошқарбаев атындағы ауылда өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Тілсіз жау 15 шаршы метр жерге таралып, оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ жеке құрамындағы 3 қызметкер және 1 техника қатысты.

Сондай-ақ, Семейде өрт салдарынан бір егде жасқа келген адам көз жұмды. Өрт екі бөлмелі тұрғын үйде болған. Оны ауыздықтау үшін өрт сөндіру қызметінің жарты сағаттан кем уақыты кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті