Қазақстанда өрт салдарынан 4 адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпартына сәйкес, 14 қарашада Рудный қаласында гараж қоғамында шыққан өрт кезінде үш адамның мәйіті табылды. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады.

"Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 13 адамы бір жарым сағаттан кейін сөндірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Шахтинскіде екі қабатты үйде 40 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 41 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті