Қазақстанда өрт салдарынан екі адам қаза болды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 21 қарашада Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйде 3 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында 47-жастағы әйелдің денесі табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы және екі техника жұмылдырылып, сөндірілді.

Сондай-ақ, Таразда өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. 1 шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды ҚР ТЖМ өрт сөндіруші 5 қызметкері бір техниканы пайдаланып ауыздықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті